29.08.2022
82
ӨКІНУ
Құжырамның үңірейіп бұрышы ,
Естілмейді бұл шаһардың дыбысы.
Жалғыздыққа тост айтқызып көтердім,
Куә оған күңгірттенген түн іші.
Ішімдегі мұңдар салып не бүлік,
Сені ойладым қос қабырғам сөгіліп.
Жатсың ба сен, көңілің қалып жалғаннан,
Жастығыңа қара шашың төгіліп?
Түк қайыр жоқ үнсіз мына сағаттан,
Реңсіздеу атар болды тағы ақ таң.
Айтқан окпе-наздарыңды оқыдым,
Бокал толы шым-шым еткен шараптан!
Біздей кім бар тілім қылған жан етін,
(Мұң мен уға неге ынтық тәбетім?!)
Түтін қылып тауысар ем қайғыны,
Шылым шегер жоқ қой бірақ әдетім!