29.08.2022
109

QUESTIOH
Қоштасуларға, қыркүйек айы, куә сен,
Менімен бірге мұңай да қуан, жыла сен.
Мәйханаларда сырласатұғын жан іздеп,
Күз күліп тұрды, күз күліп тұрды тым әсем.
Қалғаны сонша өзіңнен мына көңілдің,
Тараздың тарғыл көшелеріне көмілдім.
Мен биыл сенен жалғыздық көрдім жабыққан,
Күз, айтшы маған, не көрдің менен, не білдің?!