29.08.2022
119

Таң бозарып атады, күн қызарып батады...
Таң бозарып атады, күн қызарып батады,
Бояуларда осынау ешкiмнiң жоқ шатағы.
Туған жердiң киесiн қанатына қондырып,
Күз қайтқан құс көктемде қайта келiп жатады.
Ғажап екен сезгенге табиғаттың мақамы.
Ал бiзде ше? Баяғы сол түрткi, әлi сол ойын:
Маза бермей жатады
әлдекiмнiң атағы,
әлдекiмнiң сақалы,
Маған батса, ей, Дүние, тек сол жерiң батады.