29.08.2022
242
ƏЖЕТАЙ, ҰРЫСПА!
Аңқаулықтың кеселі –
Сындырдым қос кесені.
Мақтауы өтіп кеткен-ау
Əжем айтқан кешегі.
Қояйын деп жасырып,
Жидым дереу асығып.
Мүмкін, бір жол кетермін
Қулығымды асырып
Таптым,
Таптым,
Тсс... міне,
Бір ғажап ой түсті де,
Қоя салдым інімнің
Дəптерінің үстіне.
Қателігін ісімнің
Кейін өзім түсіндім.
Əжем, ақыр, біліпті,
Содан қатты қысылдым.
Тұрам барып бұрышқа,
Тек, əжетай,
Ұрыспа!