29.08.2022
111
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-20-04-28-18.png)
ЕҢ ЖАҚСЫСЫ
Алма айтты:
– Ғажап екен бұл көктем,
Дүниені дүрлеткен.
Алардай-ақ көз жауын
Əсем еді гүл неткен!
Айгүл айтты:
– Мына гүлді алайын ба,
Əшекейлеп кеудеме тағайын ба?
Алма айтты:
– Алсаң ал,
Жарасады,
Жұрттың бəрі қызығып қарасады.
Гүлнар айтты:
– Үзбеңдер лалагүлді,
Гүлмен ғажап көрікті дала күллі.
Айнұр айтты:
– Гүлнардың жөн дегені,
Ең жақсысы –
Гүлдердің өлмегені