29.08.2022
131
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-20-04-28-18.png)
БƏРІ ƏСЕМ
Ақпанда
Ақ қарда,
Қарашы бақтарға.
Ұқсайды бейне бір
Тыныстап жатқанға.
Тып-тыныш,
Таң қандай!
Кім қарар таңданбай.
Дүние маужырап,
Ұйықтап қалғандай.
Ақ əлем –
Бəрі əсем,
Кіршіксіз қар əсем.
Суретші көзімен
Бір сəтке қара сен.