29.08.2022
162
САҒАТ
Ерте де,
Кеште де бір дыбыс,
Ерте де
Кеште де бір жүріс.
Алмасып жатса да күнге түн,
Тоқтаусыз атқарар міндетін:
Тық-тық, тық-тық, тық-тық!
Уақыттан озбайды,
Қалмайды,
Баяғы жүрістен танбайды.
Əжекем жатса да жатпайды,
Елге ұқсап не бір нəр татпайды:
Тық-тық, тық-тық, тық-тық!
Күні-түні жағы бір талмайды,
Тыныстап тағы дем алмайды.
Тапсырсаң оянар кезіңді,
Сол замат оятар өзіңді.
Тық-тық, тық-тық, тық-тық!
Қай күні екенін аптаның
Жаңылмай көрсетер нақ бəрін.
Сұрама,
Сұрама дəлдігін –
Айнытпай айтады барлығын,
Тық-тық, тық-тық, тық-тық!
Қай кезде отырып тамаққа,
Қай кезде барасың сабаққа,
Дəл айтар жаңылмай, тосылмай,
Ол сенің сенімді досыңдай.
Тық-тық, тық-тық, тық-тық!