29.08.2022
86
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-20-04-28-18.png)
ИНСТИТУТ СИЯҚТЫ
Ертең жауар жауынды,
Ертең соғар дауылды,
Атам дəйім айтады,
Қалай біліп байқайды?
– Күн жауады-ау, тегінде,
Сырқырады белім, – деп,
Болмаса да еш құралы,
Бəрін болжап тұрады.
Болар деп күн шуақты
Талай сөзін сынатты.
Менің атам
Қысқасы,
Ауа райын зерттейтін
Институт сияқты.