29.08.2022
  125


Автор: Есләм Зікібаев

ГҮЛНАР МЕН ЕРКІН

Гүлнар:
– Жұлдыз нешеу,
білесің бе?
Еркін:
– Білемін.
Күнде кеште санап қойып жүремін.
Бес миллион екі жүз үш болатын,
Кеміт содан жаңағы аққан біреуін.
Гүлнар:
– Дұрыс емес,
Дұрыс емес есебің,
Білмейді ешкім жұлдыздардың есебін
Бір адам да дəл айтқан жоқ оны əлі
Екендігін неше миллион, неше мың...
Еркін:
– Не демекпін, айтқаныма сенбесең,
Бір қатесіз есептегем мен кеше.
Бес миллион екі жүз үш болатын,
Біреуі кем....
Өзің сана, ендеше.





Пікір жазу