29.08.2022
100
МЕНІ ЖОЛҒА ƏЗІРЛЕ
Барып келдім ауылға
Көрінбейтін бұ жерден.
Айға жету ауыр ма?
Жол қатынас түзелген.
Керек болса, қазір-ақ
Корабльмен кетемін.
Жолда дем ап азырақ,
Айға асықпай жетемін.
Мамам түгел əзірлеп
Берсе болды, керекті.
Əпереді қазір кеп,
Папам жолға билетті,
Бəлкім, жолда Шолпанға
Аялдармын демалып.
Қалдырармын қолтаңба,
Құрт-майымды жеп алып.
Көріп-біліп бəрін де,
Кешке сонда қона алам.
Ұзақ жатпай,
Əрине,
Ертең үйге оралам.
Оқу бар ғой,
Бірер күн болар едім ең кемі.
Жəне де, əже, білемін
Сағынасың сен мені.