29.08.2022
  109


Автор: Есләм Зікібаев

Сұрай қалса бір аға зəуде менен...

Сұрай қалса бір аға зəуде менен,
Неге босқа қысылып əуреленем.
Берем айтып оқитын мектебімді,
Мекенімді, атымды Зəуре деген.
Он бірдемін, бесінші сыныптамын,
Көп нəрсені үйреніп, біліп қалдым.
Білім – ғажап таптырмас қазына екен,
Кішкентайдан зерделеп шын ұққаным.
Көңіл қойсаң оның да қиыны не,
Бізге берер уақыттың сыйы, міне.
Өскен кезде мамамдай, папамдай боп,
Шықсам деймін білімнің биігіне.





Пікір жазу