meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  29.08.2022
  142


Автор: Есләм Зікібаев

ТҰТАС ТҰРСА...

Қай тау үлкен,
Қаратау ма, Алатау ма,
Екеуі де ежелгі дана тау ма?
Құшағы кең, қойнына кіріп кетсең,
Ұқсатасың сəн құрған ақ отауға.
Берсек бір сəт сезімге, санаға ерік,
Даласыз – тау, ал таусыз дала да – өлік.
Тұтас тұрса дала да, тау да, су да...
Көрінеді данышпан, дана болып!





Пікір жазу