29.08.2022
  486


Автор: Есләм Зікібаев

ЕРЛІК ӨЛМЕЙДІ

Ерлер өлмейді
Алапат апаттан торлаған,
Елін қорғаған,
Жерін қорғаған.
Тарихта ешқашан
Ерлікті жеңетін құдырет болмаған.
Ерлердің өмірі
Көктемде бүр ашып гүлденген,
Жалғасып күндермен,
Аңызбен астасып кетеді
Ерліктің өлгенін кім көрген?
Əнекей –
Дүниеге от сеуіп,
Оқ сеуіп...
Келеді қаптаған танктер
Оны кім алып дер, дақ дер
Оны кім өлмейтін тарих дер





Пікір жазу