28.08.2022
97
САРЫ АЛА ТАҢДА ҰЙЫҚТАЙ АЛМАҒАН ӨЗІҢДЕЙ
Сары ала таңда ұйықтай алмаған өзіңдей,
Сарсытып ойлар дөңбекшіп шықтым көз ілмей.
Азап-тозақтың бəріне бірдей шыдаған,
Не күш екен біздегі темір төзімдей.
Игілік болса,
Ертесі, рас, кеші не,
Сенің де, бəлкім, жас күнің түсті-ау есіңе?!
Бал ғұмыр кешіп,
Ұмыт та бір сəт барлығын,
Өзіңді өзің қинайсың босқа несіне?
Секілді бейне үріккелі тұрған бір елік,
Жараспас саған,
Қайтейін, жаным, түнеріп.
Сезімді тежеп, тізгіндей беру қиянат
Бар ғалам жалғыз тұрса да бізге тіреліп.