28.08.2022
  108


Автор: Есләм Зікібаев

БАЙҚАДЫҢ ҒОЙ

Қайтар шақ та келіпті-ау кері қарай,
Баурап алды жанымды сезім-арай.
Қайту керек екенін білем дағы
Қиып кетем, қалқам-ау, сені қалай?
Тірлігімді жіберген əн ғып əр күн –
Алауыңмен жүректі жандырармын.
Кеткенде де артыма қарайлаумен,
Қос жанарды шырақтай талдырармын.
Қос жанарды шырақтай талдырармын,
Талай таңды ұйқысыз таңға ұрармын.
Жабырқаған жаныңды жылытсын деп,
Жүрегімді өзіңмен қалдырармын.
Қайт деп жатыр,
Қайтейін, қайтамын ғой,
Тұнығымды самал боп шайқадың ғой.
Бірақ сені сүймеуге амалым жоқ,
Шамам келмейтіндігін байқадың ғой.





Пікір жазу