meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.08.2022
  158


Автор: Есләм Зікібаев

Түс көремін...

Түс көремін,
Түсіме сен кіресің,
Сымбатыңмен баурап ап елдің есін.
Саған деген сезімнің құдіретін,
Басқа білмес, бірақ та сен білесің.
Жарқ өткізіп көзіңді бір қарауың,
Балауына татырдай мың қараның.
Өкініші – сенің сəл кештеу – не мен
Бір он жылға ертерек тумағаным.
Түс көремін,
Түсімде сені көрем,
Сонау биік жотаның жоныменен
Қол ұстасып барамыз құбылаға,
Ақ балтырды түріп ап соныменен.
Өң бе, түс пе?
Өзім де қайранмын мен
Қабаттасып өтеді айлар күнмен.
Түс деген де ғаламат, осы менің
Саған деген көңілімді қайдан білген.





Пікір жазу