28.08.2022
130
ЖАНЫМДЫ НЕГЕ ҚАЙТА ЖАРАЛАДЫҢ
Тағы да қиып жолға бір аптаны,
Сені іздеп келдім, сəуле, жырақтағы.
Апырай, сенейін бе көзіме бұл.
Тіпті де түсенбеймін –
Сұрақ бəрі
Шіріген қауқарындай ескі жіптің,
Шырмауын үзе алмаспын ескіліктің,
Жары боп кетеріңді мал бергеннің
Қайтейін өкінсем де, кеш біліппін.
Тапсаң да махаббаттың жаңа бағын,
Менімен бірге кетіп барады əнің.
Айтшы өзің, айтшы, сəуле, жасырмай-ақ,
Жанымды неге қайта жараладың.