28.08.2022
93
КӨКТЕМДЕ
Еседі көктемнің самалы,
Жас гүлдің сабағын тербетіп.
Отырсаң жаның жəй табады,
Қалғандай боласың ер жетіп.
Қыз-көктем жасанып, киініп,
Құлпырып қалыпты жас тал да.
Жүректер лүпілдеп жиі ұрып,
Шақырар армандай асқарға.
Сүйіскен екеуге сығалап,
Аспанда Ай-жеңгем қарайды.
«Куəдүр» болуға құмар-ақ,
Өйткені ол қосты ғой талайды.
Жеңгеден жасырар сыр бар ма,
Сондықтан, бəлкім, ол өктем де.
Табысқан қыздарға, ұлдарға
Сəт тілеп тұрады көктемде.