28.08.2022
112
Бекер ғой...
Бекер ғой,
Бекер, жаным,
Бекер бəрі –
Сезімнің удай ащы шекер-балы.
Шыныменен беріле сүйгендердің
Кетуге теріс айналып жетер ме əлі.
Ұқсам деп ойлаушы едім сырыңды əман,
Білесің: сенсіз күнім қараң.
Шырынын тəтті күнде бөліп ішіп,
Қалдырдың махаббаттың мұңын маған,
Бұл күнде тотыдаймын торға түскен.
Шыдармын, шыдау керек бəріне де,
Ет жүрек қарамайды-ау əріңе де.
Махаббатың мұңы көп, қайран дүние-ай,
Аз болды екен тататын балы неге.
Енді ұқтым,
Бекер екен, бекер бəрі
Дүние көшкен желдей өтер дағы.
Уақытты тоқтатуға талпынғанмен,
Пенденің басы жұмыр жетер ме əлі.