28.08.2022
108
САҒЫНЫШ
Мен сені жаным деп сағынам,
Мен сені деп сағынам.
Мен сені махаббат сəулесі –
Арайлы таңым деп сағынам.
Елесі есімде көркіңнің,
Сарқылмас лəззаты сол күннің.
Ең алғаш кішкентай кеудемді
Махаббат нұрына толтырдың.
Айналы мүлгіген айна бақ,
Төбеден төнді аспан, ай қарап.
Тапқандай мəңгілік бақытын
Қос жүрек бір-бірін аймалап.
Енді сен басқаның жарысың,
Бұл, міне, жігітке тағы сын.
Қайтейін, қызғана тұрсам да,
Зор бақыт тілеймін бəрі үшін.