28.08.2022
107
ӨЗІҢНІҢ ОРНЫҢ БІР БАСҚА
Түндерді талай өткердім,
Сені ойлап кірпік ілместен.
Десем де енді көп көрдім,
Өзіңнің бейнең жүрді есте.
Жалғыздық көрген кезім жоқ,
Көп менде құрбы, құрдас та...
Ең алғаш салған сезімге от,
Өзіңнің орның бір басқа.
Тойға да бардым думанды,
Шалқытып шаттық ордасын.
Бойымда қаным тулады,
Əн мен күй болды жолдасым.
Желпінтіп биге шығарды,
Арулар – əсем армандай.
Бейне бір шыңның шынары –
Еркіңді билеп алғандай.
Сейілдеп кеттім кештерде,
Айналам сəнді сая-бақ.
Самалы желпіп ескенде,
Гүлдері тұрды аялап.
Жалғыздық көрген кезім жоқ,
Ризамын құрбы-құрдасқа...
Ең алғаш салған сезімге от
Өзіңнің орның бір басқа!