28.08.2022
120
Өзімді өзім ұға алмай...
Өзімді өзім ұға алмай,
Беймаза бір күй кештім бе?
Шетіне ойдың шыға алмай,
Айта алмай жəне ешкімге.
Тербейді бір күй жанымды,
Сені де ол, бəлкім, тербейді.
Кеудемде жанған жалынды
Ешкімге қиғым келмейді.
Ешкімге қиғым келмейді,
Сөзіме менің құй сенбе.
Жаныма маза бермейді,
Бақұлмын жанып, күйсем де!
Қыста да, жазда маздаған –
Махаббат оты мəңгілік.
Азабын тартқан аз ба адам,
Отына жанын жандырып.
Секілді бəрі аз əлі,
Еркіңмен барып азапқа,
Аласың қалап жазаны
Бергісіз басқа лəззатқа.
Жай-күйім осы, жан құрбым,
Еркіңде, сенбе, сен, мейлі.
«Бар сыйын» осы тағдырдың
Басқаға қиғым келмейді.