28.08.2022
103
Ғажап қой мына таң нұры
Ғажап қой мына таң нұры
Дүниені сəнмен бояған.
Өзіңді ойлап əр күні,
Сол таңмен бірге оянам.
Сезбейсің бірақ бірін де,
Балбырап балғын бал денең,
Беріліп нəзік дірілге
Тербеліп əсем таңменен.
Жатасың аппақ мамықта,
Бəлкім, бір тəтті түс көріп.
Мендегі асау шабытқа
Тұрғандай бұла күш беріп.
Мамық та аппақ,
Сен де аппақ –
Жаңадан жауған ақ қардай.
Кеудемде жойқын сел қаптап,
Арнасын бұзып жатқандай.
Жоқты жоқ дейміз,
Барды – бар,
Көңілге көркің нəр болсын.
Адамды естен тандырар
Сұлулық дəйім бар болсын!