28.08.2022
92
ҚИНАЙДЫ ЕКЕН
У махаббат жүрегіңді ашытқыр,
Сал сезімнің қыл пернесін басып кіл
Терезеңнің бір пердесі ашық тұр.
Тіл қата алмай,
Тыңдата алмай уəжін
Екі көзі мұңға толы ғашық тұр.
Көңіл де жоқ жүретұғын тасып кіл,
Зіл қара тас өр еңсесін басып тұр.
Көкіректің күйге толы көп сырын
Жеткізе алмай қинайды екен ғашық тіл.