28.08.2022
  144


Автор: Есләм Зікібаев

Сылдырап жерде бал бұлақ...

Сылдырап жерде бал бұлақ,
Сыбдырлап желге тал, құрақ,
Сыр тыңдар жеңге – ақ қайың
Сұлудай жүзі албырап.
Жамылып жасыл желек, гүл
Тербеліп зəулім терек тұр.
Тіл қатқан сынды біздерге
Тыңдашы, қалқам,
Не деп тұр?
Тыңдашы, қалқам, тыңдашы,
Басқаға көңіл бұрмашы.
Біздерге қарап əнекей
Иілген сынды шың басы.
Көрдің бе, қалқам, көрдің бе,
Толқыған сəтін көлдің де.
Дейтіндей бізге тіл қатып
Махаббатарың мөлдір ме?
Астасып тілек,
Қос үміт
Қауышқан шақта қосылып,
Табиғат түгел біздерді
Құттықтап жатыр –
Осыны ұқ!





Пікір жазу