28.08.2022
105
ҒАШЫҒЫМ-АРДАҒЫМ
Əсем əндерге тебіреніп терең,
Сұлу саздардан сені іздеп келем.
Көктемнің күні,
Көктемнің гүлі ...
Оралатындай бір өзіңменен.
Көктемнің күні,
Көктемнің гүлі,
Көктем жылуы,
Көктемнің нұры ...
Құйылса, сəулем, жаныма келіп
Алтын шуақтай көктен бір күні.
Алтын шуақты алтын араймен!
Шалқыған Күнмен,
Қалқыған Аймен,
Оралсаң бір күн,
Оралсаң, еркем,
Тұра алар ма екем жарқырамай мен?!
Жандай сол бір сəт ашылған бағым,
Кеудеме сыймай,
Тасып арманым,
Құс болып ұшып кетер ме ем көкке,
Жетер ме ем көкке, ғашық-ардағым,
Ғашық-ардағым!