28.08.2022
  116


Автор: Есләм Зікібаев

САҒЫНЫШ

Толқындай дөңбекшіген теңіздегі,
Жас жаным алабұртып нені іздеді.
Бір сен деп бұлқынады қайран жүрек,
Тағдырым əлде өзіңмен егіз бе еді.
Өзіңмен ұшырасу талайғы арман,
Іздедім таң нұрынан арайланған.
Бір сəтке көрсем деймін келбетіңді,
Шолпандай бұлт ішінен қарай қалған.
Қайдасың,
Қайда қазір алыспысың,
Сағыныш қиялыммен жарысты шын.
Бір сəтке кетсе деймін елес беріп,
Жанымды мазалаған таныс мүсін.
Кеште де,
Сені іздеймін ертемен де,
Тосамын құлағымды ерке желге.
Маздатшы жанымда отын қуаныштың –
Өзіңмен бақытымды ерте кел де.





Пікір жазу