28.08.2022
  231


Автор: Есләм Зікібаев

САЙРА, БҰЛБҰЛ

Сайра, бұлбұл,
Күй төгіп көмейіңнен,
Сенің үнің өзгелеу өгей үннен.
Шабыттанған шағыңды таңнан тұрып
Тағы, тағы ...
Бір замат көрейін мен,
Сенің əнің – құштарым бала күннен,
Тыңдағанда серпіліп, аламын дем.
Сұлулықты жырлай бер мəңгі осылай –
Букет жинап берейін лала гүлден.





Пікір жазу