28.08.2022
118
Көрмесем деп ойлайсың күнде мені...
Көрмесем деп ойлайсың күнде мені,
Сен көрмесең –
Досыңды кім көреді?
Шыныменен жаныңды сыздатпай ма
Баз біреудің достықты күндегені?
Кейбіреуге жансая – бақталастық,
Ойламадым дос түгіл жатқа қастық.
Жала жапса, жабады екі ұдайда
Досың тұрмақ, əкең де ақтамас қып.
Жайыңа да қоймас-ау тақа мына –
Дақ түспесін абырой-атағыңа.
Араласып шынымен кетер ме екем,
Араласпан деуші едім шатағыңа.
Қараласа,
Кетуің шын ағарып
Екі талай, тағдырың, сірə, кəдік.
Қажет қылса айырар дос пен досты
Арасына білдірмей сына қағып.