28.08.2022
101
Жоқ ақынның алары, берері де...
Жоқ ақынның алары, берері де,
Жоқ сүйеніш-тірегі, сенері де,
Шындық үшін шырылдап отқа түсіп,
Қорған болып жүреді тек еліне.
Əділеттің ақ жолы шын сенері
Аямайды жұртынан білсе нені.
Өрт шалып жатса жалпақ дүниені,
Қарлығаш қанатымен су себеді