28.08.2022
108
Өзендей тынымсыз ағатын...
Өзендей тынымсыз ағатын,
Білінбей өтеді уақыт та.
Ақ сəуле, таусылды тағатым
Қол созым, бақытқа жететін.
Өлеңім өзім боп барса бір,
Сезімім алаулап жанса кіл,
Білер ме ең жайымды, ақ еркем,
Мен саған арнадым қанша жыр.
Теңіздей тереңнен тербеліп,
Құлашты қияға сермедік.
Тордағы тотың боп сайраймын,
Ақ еркем, қалмады-ау менде ерік