28.08.2022
  86


Автор: Есләм Зікібаев

Жақсыны да, жаманды да көп көрген...

Жақсыны да, жаманды да көп көрген,
Бəрін, бəрін бастарынан өткерген,
Қара нардай əкелер-ай əулие
Бізді сөйтіп осы күнге жеткерген.
Құмда қалған табандардың іздері,
Шыңда қалған замандардың іздері.
Бəрі соның əкелердің көздері
Бір жақсылық болса бойда біздегі.
Бойымда болса бұла күш деген
Қиял бар ма, құс қанатын тістеген
Бəрі соның əкелерден,
Бір-бірі де көк аспаннан түспеген.





Пікір жазу