28.08.2022
  101


Автор: Есләм Зікібаев

Алматыға келіппін дəл жиырма жасымда...

Алматыға келіппін дəл жиырма жасымда,
Алабұртқан арманым – нажағай ма, жасын ба,
Өрге қарай заулады ойдан тепкен тасым да,
Өмірімнің серігін, көңілімнің сенімін,
Мейірімін Елімнің...
Таптым бəрін осында.
Ару қала – Астана,
арман қуып келдім мен,
Жеңген кезім көп болды,
кездерім де жеңдірген...
Аз болмады күндерім қайтейін мына фəни тірлікте
Сезімімнің сергелдең айдынында сең жүрген.
Күндерімнің бəрі де күліп атар ақ таңдай,
Артық-кемсіз тірлігім тал бойыма шақ қандай.
Айналамда ақ арай, нұрға толы құбылам,
Қалған күні жоқ əзір сенімімнің ақталмай.
Мінезім бар біреуге жақпағандай, жаққандай,
Сезім – сұңқар, сенім – тұлпар тайғанамас тағасы.
Өтіп жатыр өмірім, өкінбеймін өткенге,
Тірлігім фəни мен бақилықтың арасы.
Мұхамбеттің үмбеті, тəңірінің құлымын
Мына фəни жалғанда көп мұңлықтың бірімін.





Пікір жазу