28.08.2022
  71


Автор: Есләм Зікібаев

Наз болар –

Наз болар –
Болмаса қателестің,
Маған арнап жыр жазбайсың дедің бе,
Осы сөзің қате болар тегінде.
Шығып жатқан жырларымның жарымы
Өзіңде арнап жазылған ғой кемінде.
Көктем етіп көңілімнің бағын да,
Жарық етіп жүрегімнің шамын да
Тебіреніп өлең жазған шағымда
Сен тұрасың көз алдымда, жадымда.
Елді жазсам,
Сен боп бірге ойласам,
Ерді жазсам,
Сен боп бірге ойласам,
Сенсіз менде болып еді той қашан
Бар жырымда,
Бар сырымда біргесің.
(Басқа ел бұған күлмесін.)
Жаным, бəрі сенің сыпайылығың
Менімен бірге қолың қоймасаң.





Пікір жазу