28.08.2022
132
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-20-04-28-18.png)
Бір қазақты үш жүзге қалай бөлген басында...
Бір қазақты үш жүзге қалай бөлген басында,
Біз білмейтін құпия болды ма екен осында?
Əлі күнге түсініп жарытқаным шамалы,
Түсінбеп ем əу баста-ақ не сыр барын расында.
Бір денені тұтастай үшке бөлген сияқты,
Бөлінбесті бөлшектеп күштеген де сияқты.
Баз біреулер өзіңді былай қойып, алдымен
Сұрап жатар жүзіңді –
Айтуға да ұятты.
Көңілім қалып біреуге, ет жүрегім сыздаса,
Албырт сезім басылып, өне бойым мұздаса.
Жүзге бөлу дегеннің кеселі ме деп қалам –
Тұтастықты бөлшектеу жараспайды бізге аса.
Бəрі қазақ əу баста-ақ,
Жаралғанда ұлты бір.
Жүзге бөлу, меніңше, кесірлердің ғұрпы бұл.
Қай биікке ұшса да қай ауылдың қай ұлы
Көтеретін бəрін де Қазақ деген бір тұғыр!