28.08.2022
  118


Автор: Есләм Зікібаев

ЖЫРЛАЙМЫН

Өмір күйін ұғып ал, тыңда, жаным,
Түсірейін кестелеп жырға бəрін.
Мазам кетіп толқимын, толқимын көп
Жел ырғаған дəніндей тың даланың.
Түн ұйқымды төрт бөліп жыр жазамын,
Тартсам, мейлі, шабыттың күллі азабын.
Егін еккен жырлаймын диқаншыны,
Əнге қосам қой баққан қыр қазағын.
Тыным берме, гүл-шабыт, жас жаныма
Өрлеп өмір көрейін асқарына.
Жыр жазайын өлмейтін өмірлі етіп,
Қуантатын өзімді, басқаны да.





Пікір жазу