28.08.2022
98
Іздей берсе жетіп жатыр менде мін
Іздей берсе жетіп жатыр менде мін
Сыр айтам деп шынын айтар пендемін,
Жеңгелеріңнің арқасы, жігіттер,
Осы жасқа бозбала боп келгенім
Күлесіңдер!
Керек шығар күлу де,
Мұндай жағдай бір-ақ рет ілуде
Кезігетін болар, бəлкім, таласпан,
Қасиет сол барды да айта білуде!
Бəлкім, менің бағыма
Кездейсоқтық шығар бұл бір кезіккен,
Бірақ оны алдын ала сезіп пе ем.
Сұрадыңдар –
Жасырайын несіне,
Кей қылығым түссе бүгін есіме
Кінəлəймін өзімді-өзім өлердей,
Сүйген жүрек біледі екен кешіре.