28.08.2022
101
КЕНЖЕБОЛАТ ШАЛАБАЕВҚА
Бір Өрнектен Алматыда он үйміз,
Жұп жазбасақ, жақсылыққа жоримыз
Сіз – сардарсыз,
Қалғанымыз – сарбазбыз,
Бəріміз боп өзіңізді қоримыз.
Біз бір топпыз –
Кəрісі көп,
жасы көп,
Сізсіз, сірə, қай асудан асып ек?
Көсемі жоқ елді көрген жан бар ма?
Сіз келесіз біздің көштің басы боп.
Келесіз сол біздің көшті басқарып,
Алғы беттен көз айырмай қас қағып.
Алатаудай айбарыңыз айбын боп,
Көрген жоқпыз басқалардан жасқанып.
Əлденеден қалсақ тағы түңіліп,
Келеміз-ау өзіңізге жүгіріп.
Қателессек – алдыңызда жүгініп,
Алға аттасақ – жетелейді жүз үміт.
Шүкірлік –
Бір Өрнектен он үйміз,
Оны дағы жақсылыққа жоримыз.
Сұқ көздерден сақтасын деп Сізді ылғи
Бəріміз де қызғыш құстай қоримыз.