28.08.2022
  237


Автор: Есләм Зікібаев

Ақшадан да құн кетті...

Ақшадан да құн кетті,
Адамнан да құн кетті,
Жақсыдан да құн кетті –
Киіп алды құл кепті,
Ерден ездер жол алып
Миығынан күлді епті.
Ертеңгі күн екінді,
Еркін жүрер кез өтті.
Саңырауқұлақ секілді
Арамзалар тез өсті.
Ой қамалап қоймайды,
Ойламаймын десең де.
Төбемді бұлт торлайды –
Өз қолымды кесем бе?
Тұғыр озды тұлпардан,
Қалдық оған да үйреніп.
Құмай тазы түлкі алған
Жатыр сұлық үйге еніп.
Көкіректі шертер мұң
Білмей қойдым, ой, Алла-ай,
Не боларын ертеңнің.





Пікір жазу