28.08.2022
  774


Автор: Есләм Зікібаев

Əумин десең, жамағат!

Əумин десең, жамағат!
Бермесін тəңірім жаманат
Аман жеттік бұл күнге
Тірлігімізге қанағат.
Аспан тыныш, жер тыныш,
Халқым тыныш, ел тыныш.
Тыныштықтан көңілім,
Табатындай желпініс.
Бұлт шалмасын тау басын,
Төбемнен оқ жаумасын,
Егеменді елімнің
Басынан бақ аумасын.





Пікір жазу