meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.08.2022
  123


Автор: Есләм Зікібаев

Сіңірім сіңіріме шалынып жүріп...

Сіңірім сіңіріме шалынып жүріп,
Айтар ой, сөйлер сөзден жаңылып жүріп,
Көңіл шіркін дəмелі əр нəрседен
Кейде болғың келеді қағынып, жігіт.
Тірліктің əрінен де, кəрінен де
Қуаныштың, қызықтың бəрінен де
Алары көп,
Əтең-ай берері жоқ
Əр нəрседен үміткер кəрі кеуде.





Пікір жазу