28.08.2022
116
Бүгін менің кеудемде...
Бүгін менің кеудемде,
Алақұйын соғып тұр.
Ет жүрегім қалтырап
Тоңып тұр-ау, тоңып тұр...
Құда түсуші еді ғой
Қызы барға жігіт кеп,
Жүрегінде тағы да
Үміттен де күдік көп.
О, дүние-ай, алдамшы
Үміт те бар, күдік көп.
Жүрегімді жұлмалап
Бөліп жатыр жіліктеп.
Қанағат ап үйренген
Қазақ едік аздан да.
Ел дəстүрі жоғалып,
Ата жолы ауған ба.
Жасауы да жарасты,
Үш бөлмелі үйі бар
Деп жігітке жанасты,
Тартқан ерек сыйы бар.