28.08.2022
  120


Автор: Есләм Зікібаев

Адам да бір, мал да бір, мезгілімен оттайды.

Адам да бір, мал да бір, мезгілімен оттайды,
Кейде соғып, жүрек кейде соқпайды.
Бір саулықтан басқа бүгін жоқ қайғы,
Алматының жолдарындай жолдарының
Қай тұсында қашан, қалай тоқтайды.
Көңіл шіркін таусылмайтын құмардай,
Болмашыға сағың мұқап сынардай.
«Қайран, қайран!» – думан сəтте демігіп,
Алқынамыз сəл дөңеске шыға алмай.
Тауды бұзып, тасты үгетін кеудемен
Қалған көңіл, қоқырайған дəу денең.
Кеш болмай-ақ омақаса құлаймыз
Жалғыз жайлап табысқандай тауменен.
Мезгілімен су ішіп, мезгілімен оттайды,
Мал шіркінде тоқ болса, ішіп-жемге жоқ қайғы.
Қай белеңнен ғұмыры бастау алды бейбақтың,
Қай белеңге тұғыры жетіп, жетпей тоқтайды.





Пікір жазу