28.08.2022
  159


Автор: Есләм Зікібаев

САЛТАНАТТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ

Салтанат, сенің, құлыным, туған күнің
біздерге тарқамайтын думан бүгін.
Көктемде көңіліміз шешек атып,
шалқиды көгімізде тулар, күнім.
Елінің данасы деп, панасы деп
мақтанып айта жүрер баласы көп.
Өсе бер шапағатыңды елге шашып,
Ұлпандай елдің ұлы анасы боп!





Пікір жазу