28.08.2022
  171


Автор: Есләм Зікібаев

АТА ТІЛЕГІ

Алтын бала,
алтын болып туған соң, нарқың дара.
Алтынның да, шын айтсақ, түбі темір,
айырмасы көрінер жарқыл ғана.
Күн-күн сайын нұрланып гүл-гүл атып,
өсе берсең, мен үшін күллі бақыт
өзі келіп басыма қонатындай,
күлкіңменен кетесің күнде уатып.
Алға бастар арманың – пірің ол да –
желеп-жебеп жетелер күнің оңға.
Ақ тілегін атаңның алға сүйре,
көшке ілескен көнбістің бірі болма.
Алтын бала, құлыншық, алтын бала,
қылығыңды көрсетіп əр күн жаңа,
қара қылды қақ жарып, нұрыңды төк,
айналаңа жасын боп жарқылда да.
Берешекпін демейін, алашақпын,
алпыс бес жыл жылдармен жараса ақтым.
Өздеріңе еншілеп берсем болды
қуанышын, қызығын болашақтың.
Берешекпін демейін, алашақпың,
(мына ғұмыр əйтеуір алашапқын)
топ көбейтер тобырдың бір болмай,
топқа түссең, суырылып дара шапқын





Пікір жазу