28.08.2022
  117


Автор: Есләм Зікібаев

ЕРҰЛАНҒА

Адамды жетелеген елес-арман,
Арманға қандай құдірет теңесе алған.
Атасын қолтығынан демесін деп,
Тəңірім Ерұланды бере салған!
Дөп келген мына заман-уақытына
Асылдың күміс, маржан, жаһұты да...
Тең келмес, осы болса деп тілейміз
Екі ата, екі əженің бақытына.
Жалғаған Алматының жолын елмен,
Мен шында бақыттымын соны көрген.
Ерұланым күткендей жігіт болсын,
Ерденімнің томпаңдап соңына ерген.
Қадірім бар ма, жоқ па елге менің,
Тəңірдің қайдан алам бермегенін.
Алматының тобырын көбейтем деп,
Өзіме аян ерігіп келмегенім.
Шүкіршілік, алғаным, бергенім бар,
Бұл көңіл елеңдейді елге құмар,
Енді біз де бір елміз Алматыда,
Еркінге ерген Ерұланым, Ерденім бар.
Ыстықта саяларым, күнқағарым,
Ұл-қыздарым, солармен нұрланамын.
Менен бақытты адам жоқ дүнияда,
Көңілімнің түсіре алсам жырға бəрін





Пікір жазу