28.08.2022
119
КІНДІГІМ БІР
Күзгі бақтай құлазыған жүрегім,
Өзім де сол – құлазыдым, жүдедім.
Сырласым да, мұңдасым да – жырларым,
ол таппаса, таба алады кім емін?
Сақтандырып алапаттан, дауылдан...
Сипаса тек сол сипады сауырдан.
Жырым ғана шырыл қағып, шарқ ұрып
Жүгіреді сəттерімде ауырған.
Шуағындай не көктемнің, не күздің,
Сыңарымдай, шынарымдай дегіздің.
Өлең-жырмен кіндігім бір жаралған –
Онсыз өмір сүре алмайтын егізбін.
Ауырса да, сауықса да жүрегім,
Табатұғын шын шипасын, шын емін
дəрігер де, бақсы да емес – жанымда
жанып шығар ЖЫРЛАРЫМ деп білемін!