28.08.2022
  101


Автор: Есләм Зікібаев

ҰҚҚАНҒА

Ұққанға сыртым да өлең, ішім де өлең,
Шабытын от-ошақтан түсірмеген,
Əр-əркім тіршілікте түсінбеген,
Ақынның маңдайына жазғаны сол,
Қалғып кетсем,
Көрерім – түсімде өлең.
Қиялды қияндармен жарыстырып,
Жақсылық, жамандықты салыстырып,
Жүреді тірлігінде тыным алмай
Кетіскен екі досты табыстырып.
Біле алмай қалғандығын кімге жазып,
Мұңайса мұң шағады гүлге нəзік.
Кей-кейде Қожанасыр секілденіп,
Өз көрін өзгелермен бірге қазып...
Өлең бе?
Бола алмайды табыс ол да,
Ақынның жаралғандай жаны сорға.
Кедей боп қатарынан кем жүрсе де
Тағдырдан таңдап тапқан бағы сонда.
Санамда санағанмен өнерді азық –
Көсіліп көрген жоқпын өрем жазып.
Сиқырдай сылаңдаған еркін алып,
Ақынды билей берер өнер-нəзік
Барлығы ол дүниенің рас болса,
Жатармын өлгенде де өлең жазып.





Пікір жазу