28.08.2022
  92


Автор: Есләм Зікібаев

САҚ ЖҮРШІ

Аңыз бенен шындықтың ара жігін
Ажырата аласың ба, қара, күнім.
Ақ, қараның көресің бəрін бірдей,
Жаның гүлдей баяғы балалығың.
Əрі сұлу, сүйкімді, əрі əдемі
Тіршіліктің көрінбей қара меңі,
Айналаңның бəрі аппақ айдай болып
Жүре берсең, құлыным, жарар еді.
Таңы жарық арайлы таңымыздай,
Сырты сұлу болғанмен, жаны мұздай
Аярлықтан сақ жүрші, айналайын,
Жүрегің – нұр үлбірек ақ уыздай!





Пікір жазу