28.08.2022
131

ҰЯТЫҢ ҚАРЫП...
Тірліктің шимай-шатағы –
Досты дос алдап сатады.
Боқ дүниеге бола таласып,
ырылдап, ит боп жатады.
Аз демек, бəлкім, көп демек,
Тойымға шектеу жоқ демек.
Бірге туғандар бір-бірін
Көрместей болып кетеді,
Боқ дүниеге бола өкпелеп.
Кетпеске кетіп үлесің,
Жылайсың, кейде күлесің.
Санда бар қалпың, санатта
Жоқ екеніңді білесің.
Жоғалтқан жандай тілі, есін,
Сенделіп тірі жүресің.
Намыстан күйіп-өртеніп
Өле алмасыңды білесің.
Фəни-ғұмырда күнделік,
Намыс пен ыза бірге еріп...
Қапталдап қатар келеді,
Тек оны жатыр кім көріп?
Адамға қарар бетім жоқ,
Арамға барар ниетім жоқ,
Ұятым қарып жүректі
Жанып тұрғандай бетімде от